20 ақпан күні биржада өткен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, AGKKb2) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүзеге аспады деп жарияланады

20.02.13 18:00
/KASE, 20.02.13./ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AGKKb2; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 29.06.11 – 29.06.14, жылдық 8,00 %, жарты жылдық купон, 30/360) орналастыру бойынша арнанайы мамандандырылған сауда-саттық болып өтті. Қазақстан Республикасы қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2001 жылдың 18 наурызында жалпы сомасы 6,0 млрд.теңгеге тіркелген, аталған акцияларды шығару "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясында екінші және биржада листинг процедурасынан өткен аталған эмитенттің "ішкі" облигацияларының үшінші шығарылымы болып табылады. Эмитент сауда-саттыққа KZP02Y03D959 200 000 облигацияны орналастыруды жоспарлаған болатын (жарияланған облигациялар санының 6,7 %). Сауда-саттық заты, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" болды. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін ұтымдырақ болатын шектелімді қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты, олар 300 000 облигацияны сатып алуға 10 өтінім берді. Өтінімдерді беру аяқталу кезінде 9 өтінімдер белсенді болып қалды. Сауда-саттықтағы ұсыным сұранымнан 6,6 есе асты. Берілген белсенді өтінімдердегі "таза" бағалар 100,0474 % (жылдық 7,9500 %) бастап 100,0700 % (жылдық 7,9453 %) дейін құбылды, сөйтіп орташа сараланған мәні 100,6466 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 7,4789 %) құрады. Белсенді өтінімдердің көлемі брокерлік-дилерлік компания үлесіне – 5,7 %, брокерлік-дилерлік клиенттердің үлесіне – 94,3 %.келді. Берілген өтінімдердің жиынтық ведомостын көрген соң, эмитент оларды қанағаттандырудан бас тартты. Арнайы мамандандырылған сауда- саттықтар жүзеге аспады деп жарияланды. [2013-02-20]