"ОРДА кредит" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2P0Y10C900 (KZ2P00000193, ORDKb2) облигациялары бойынша 15-ші купонын төлегені туралы хабарлады

07.02.13 16:48
/KASE, 07.02.13/ – "ОРДА кредит" АҚ (Шымкент) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2013 жылдың 01 ақпанында өзінің KZ2P0Y10C900 (KZ2P00000193, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ORDKb2) облигациялары бойынша он бесінші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 45 000 000 теңгені құрады. [2013-02-07]