"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 қаңтарына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

30.01.13 16:05
/KASE, 05.10.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2013 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің (тек жарияланған KZ1C35970017, KZ000A0ETF32 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 47 000 000 дана; - банктің 45 294 733 акциясы орналастырылған; - банк өзінің 29 190 акциясын қайта сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға UniCredit Bank Austria AG (Австрия, Вена) болып табылады, оның иелігінде банктің 45 152 399 жай акциясы (банктің орнылыстырылған акцияларының жалпы санынан 99,69 %) бар. [2013-01-30]