2013 жылдың 29 қаңтарынан бастап биржада ББҚ автоматты репо құралымен сауда-саттық ашылды

29.01.13 10:57
/KASE, 29.01.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен, KASE мүшесінің 2013 жылдың 29 қаңтарындағы өтініші негізінде, репо заты ретінде "АТФБанк" АҚ (Алматы) XS0286908867, US00211MAA45, KASE ресми тізімі, Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBe6; $296,8 млн; 21.02.07 – 21.02.14; жарты жылдық купон, жылдық 9,25 %, 30/360) халықаралық облигациялары болып табылатын, репо операциясының мерзімі 1, 7, 14 және 28 күн автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралының сауда-саттығы ашылды. Репо операциясына R_ATFBe6_001, R_ATFBe6_007, R_ATFBe6_014 және R_ATFBe6_028 коды берілді. [2013-01-29]