2013 жылдың 28 ақпанында "АТФБанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

28.01.13 17:45
/KASE, 08.01.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы) 2013 жылдың 28 ақпанында сағат 11:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталады деп биржаға хабарлады. Аталған жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: - банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - банк жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу. - Банктің директорлар кеңесінің құрамына өзгертулер. Аталмыш жиналыс Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 100б мекен-жайы бойынша өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 10:00-де басталады. Кворум болмаған жағдайда банк акционерлерінің жиналысы қайтадан 2013 жылдың 01 наурызында өтеді. Акционерлер күн тәртібіндегі мәселе материалдарымен 2013 жылдың 18 ақпанынан 27 ақпанына дейін жұмыс уақытында, Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 100б мекен-жайында тел.: (727) 258 30 00 (вн. 1926, 1672) танысуға болады. [2013-01-28]