ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық Банк" АҚ (Қазақстан) акциялары 2012 жылдың 19 маусымынан бастап 18 желтоқсанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

22.01.13 16:17
/KASE, 22.01.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 28 желтоқсандағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚК "2012 жылдың 19 маусымынан бастап 18 желтоқсанына дейінгі кезеңде "Еуразиялық банк" АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2012 жылдың 19 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Еуразиялық банк" АҚ 16 788 867 жай және 3 000 000 артықшылықты акциясы орналастырылмаған. [2013-01-22]