"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің 2013 жылдың 04 қаңтарында болатын кезектен тыс жалпы жиналысы кворум болмағандықтан өткізілген жоқ

09.01.13 15:36
/KASE, 09.01.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "АТФБанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен "АТФБанк" АҚ акционерлерінің 2013 жылдың 04 қаңтарына белгіленген кезектен тыс жалпы жиналысы "кворум болмағандықтан өткізілмеді" деп хабарлады". Бұрын осы хабарлама бойынша 2012 жылдың 14 желтоқсанында биржада "KASE 2012 жылдың 14 желтоқсанында "АТФБанк" АҚ директорлар кеңесінің 2012 жылдың 30 қарашасындағы шешімінен үзіндіні жариялады" – http://www.kase.kz/news/show/1181038 мекен-жайы бойынша. [2013-01-09]