2013 жылдың 04 ақпанында "Kaspi Bank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалып жиналысы болып өтеді

08.01.13 14:11
/KASE, 08.01.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) 2013 жылдың 04 ақпанында сағат 10:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталады деп биржаға хабарлады. Аталған жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: - банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - банк жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу. Аталмыш жиналыс Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 154а мекен- жайы бойынша өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 09:30-да басталады. Кворум болмаған жағдайда банк акционерлерінің жиналысы қайтадан 2013 жылдың 05 ақпанында өтеді. Акционерлер күн тәртібіндегі мәселе материалдарымен 2013 жылдың 23 қаңтарына дейін Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 154а мекен- жайында танысуға болады. [2013-01-08]