"Матен Петролеум" АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 28 желтоқсанындағы шешімі туралы хабарлады

04.01.13 17:45
/KASE, 04.01.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Матен Петролеум" АҚ (Алматы), 2012 жылдың 20 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай мәлімдеді: цитата басы Матен Петролеум" АҚ (бұдын әрі "Қоғам") өзінің Директорлар кеңесі 2012 жылдың 28 желтоқсанында мынадай шешімдер қабылдады: 1. 2013 жылдың 01 қаңтарынан бастап Қоғам Президенті Әбләзімов Бахаридин Нұғманұлы лауазымынан босатылсын. 2. 2013 жылдың 01 қаңтарынан бастап Қоғам Президенті лауазымына Агиюев Рашид Илесович сайлансын. 3. 01.01.2013 жылдан бастап, Алматы қаласындағы "Матен Петролеум" АҚ өкілдігі Алматы қаласы және Алматы облысының аумағындағы орналасқан салық төлеу нысандары бойынша салықтың келесі түрлерін, бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді өз бетінше төлеуші болып табылсын: - Мүлік салығы; - Көлік құралдары; - Қоршаған ортаға эмиссиялық төлем; - Жеке табыс салығы; - Әлеуметтік салық; - Міндетті зейнетақы жарналары; - ЫСЖ төлемдері. цитата соңы [2013-01-04]