"КМК Мұнай" АҚ (Қазақстан) 652 282 KZ1C51440010 (KZ1C00000215, LNPT) жай акциясын "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ сатып алуды көздегені туралы хабарлады

28.12.12 17:36
/KASE, 28.12.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КМК Мұнай" АҚ (Ақтөбе), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: "KMK Мунай" АҚ (LNPT)... 2012 жылдың 26 желтоқсанында "СНПС- Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамынан қайталама нарықта компанияның дауыс беретін акцияларының отыз және одан көп пайызын сатып алуды көздегені туралы хабарлама алғаны туралы хабарлайды. Аталған Хабарламаға сәйкес, "СНПС- Ақтөбемұнайгаз" АҚ "КМК Мұнай" акционерлік қоғамының 652 282 дауыс беретін акциялары сатып алуды көздеді, бұл компанияның дауыс беретін акцияларының 50% плюс 1 акциясын құрайды. Сатып алудың болжамды бағасы – 1 акцияға 26 356,59 теңгені құрайды. [2012-12-28]