"Алматы электр станциялары" АҚ KZP01Y03E421 (KZ2C00001923, ALESb1) облигациялары "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 27 желтоқсаннан бастап KASE ресми тізіміне енгізілді

27.12.12 19:06
/KASE, 27.12.12/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 26 желтоқсандағы шешімімен "Алматы электр станциялары" АҚ (Алматы) KZP01Y03E421 (KZ2C00001923, 100 теңге, 6,2 млрд теңге; 3 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 7,00 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағына орындауына байланысты Листингілік комиссияның шешімі 2012 жылдың 27 желтоқсанынан бастап өз күшіне енді. "Алматы электр станциялары" АҚ аталған шығарылым облигацияларының қаржы кеңесшісі және ұстаушы өкілдері АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болып табылады. "Алматы электр станциялары" АҚ (Алматы) тіркеушісі "Бағалы қағаздардың тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш жай акцияларға ALESb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ales мекен-жайы бойынша жарияланады. [2012-12-27]