28 желтоқсаннан бастап KASE қайталама нарық секторында "Алатау жарық компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZP01D05E368 (KZ2C00001907, AZHKb1) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

28.12.12 12:12
/KASE, 28.12.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2012 жылдың 28 желтоқсанынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Алатау жарық компаниясы" АҚ (Алматы) KZP01D05E368 (KZ2C00001907; KASE ресми тізімі, "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар", AZHKb1; 1 000 теңге, 10 830 млн теңге; 27.12.12 – 27.12.15, жарты жылдық купон жылдық 7,00 %, 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды . KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2012 жылдың 27 желтоқсанынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ales мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-12-28]