"АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZP01D05E368 (KZ2C00001907, AZHKb1) облигациялары бойынша биржада маркет-мейкері мәртебесі берілді

28.12.12 10:25
/KASE, 28.12.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2012 жылдың 27 желтоқсандағы шешімімен "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) өтініші негізінде биржада "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы) KZP01D05E368 (KZ2C00001907, KASE ресми тізімі, Рейтингтік бағалауы бар борыштық қағаздар" санаты, AZHKb1; 1 000 теңге, 10 830,0 млн теңге; 27.12.12 – 27.12.17, жартыжылдық купон, жылдық 7,00 %, 30/360) облигациялар бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді: Маркет-мейкер үшін әрбір шығарлымның міндетті баға белгілеулердің көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленген. [2012-12-28]