"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ KZP01D05E368 (KZ2C00001907, AZHKb1) облигациялары биржада "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

27.12.12 10:56
/KASE, 27.12.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 26 желтоқсанындағы шешімімен "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы) KZP01D05E368 (KZ2C00001907, 1 000 теңге, 10 830 млн теңге; 5 жыл, жарты жылдық купон жылдық 7,00 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қаржылық кеңесшісі "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушыларының өкілі "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болып табылады. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға AZHKb1 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ негізгі қызметі - электр энергиясын бөлу, тасымалдау, генерациялау болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2012-12-27]