ҚҰБ ҚҚК KASE акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерін тіркеді

25.12.12, 17:51
/KASE, 25.12.12/ – Қазақстан қор биржасы (одан әрі - KASE немесе биржа) акционерлеріне 2012 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) биржаның акциялары шығарылымының # 1 аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді. Сонымен қатар, ҚҰБ ҚҚК биржаның мекен-жайы өзгеруіне байланысты бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ауыстырды. KASE ациялар шығарылымының құрылымы өзгерген жоқ. Бұрынғыдай биржада 5 млн. жарияланған акциялар бар, оның Ұлттық сәйкестендіру номері KZ1C10030019. Биржа акцияларының шығарылым аңдатпасымен (өзгертулер мен толықтырулармен) KASE веб-сайтында "KASE туралы" – "Акционерлер және акционерлерге" – "акционерлерге арналған ақпартат" бөлімінде http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm_2012.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-12-25]