"Еуразиялық банк" АҚ KZP04Y07D253 (KZ2C00001915, EUBNb11) облигациялары KASE-де "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

21.12.12 19:07
/KASE, 21.12.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 21 желтоқсанындағы шешімімен "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) KZP04Y07D253 (KZ2C00001915, 100 теңге; 10,0 млрд теңге; 7 жыл, жарты жылдық купон жылдық 8,00 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінде 2008 жылдың 15 қазанында жалпы сомасы 100,0 млрд. теңгеге тіркеген "Еуразиялық банк" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі бірінші шығарылымы және аталмыш эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигациялардың он бірінші шығарылымы болып табылады. "Еуразиялық банк" АҚ қаржылық кеңесшісі "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушыларының өкілі "Қазақстан Финсервис" АҚ (Алматы) болып табылады. "Еуразиялық банк" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға EUBNb11 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2012-12-21]