"Матен Петролеум" АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы шешімі туралы хабарлады

21.12.12 18:29
/KASE, 21.12.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Матен Петролеум" АҚ (Алматы), 2012 жылдың 20 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай мәлімдеді: "Матен Петролеум" АҚ (бұдын әрі "Қоғам") өзінің Директорлар кеңесі 2012 жылдың 14 желтоқсанында мынадай шешімдер қабылдады: 1. Алматы қаласында "Матен Петролеум" АҚ Өкілеттілігін құру; 2. "Матен Петролеум" АҚ Алматы қаласындағы Өкілеттілігі туралы Қағиданы бекіту; 3. "Матен Петролеум" АҚ Президенті Б.Н.Аблазимов мырзаны "Матен Петролеум" АҚ Өкілеттілігі туралы Қағидаға қол қоюды міндеттеу; 4. "Матен Петролеум" АҚ Алматы қаласындағы Өкілеттілігінің орналасу дерін: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көш., 63 үй, мекен жайы бойынша бекіту; 5. "Матен Петролеум" АҚ Алматы қаласындағы Өкілеттілігінің Басшысы етіп – Аблазимов Бахаридин Нұғманұлы мырзаны тағайындау; 6. "Матен Петролеум" АҚ Алматы қаласындағы Өкілеттілігінің банктік шоттарын "АТФБанк" АҚ (немесе оның филиалдарында) ашу; 7. "Матен Петролеум" АҚ Алматы қаласындағы Өкілеттілігі Алматы қаласы Әділет департаментінде, сондай-ақ басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында тіркеу; 8. "Матен Петролеум" АҚ Алматы қаласындағы Өкілеттілігі туралы Қағидаға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды бекіту; 9. "Матен Петролеум" АҚ Президенті Б.Н.Аблазимов мырзаны "Матен Петролеум" АҚ Астана қаласындағы Өкілеттілігі туралы Қағидаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың мәтініне қол қоюды міндеттеу. 10. 2012 жылдың 14 қаңтарында сағат 10.00-де Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізіп, күн тәртібінің келесідей сұрақтар бойынша шешімдер қабылдау: 1) Қоғам Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу; 2) Қоғам Жарғысына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға қол қоятын өкілетті тұлғаны анықтау. 3) Қоғам Жарғысына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды тіркеуге байланысты қажетті қызметтер атқаратын өкілетті тұлғаны анықтау. [2012-12-21]