"Болат Нұржанов атындағы "Екібастұз ГРЭС-1" (Қазақстан) төртінші энергоблокқа электр сүзгісі орнатылғанын хабарлады

21.12.12 16:17
/KASE, 21.12.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Болат Нұржанов атындағы "Екібастұз ГРЭС-1" (Екібастұз) биржаға 2012 жылдың 21 желтоқсанында төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында №4 энергоблокқа электр сүзгісін монтаждау жұмыстары аяқталды. Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын электр сүзгісін салтанатты түрде іске қосты. Бұл тазарту қондырғысын сатып алуға және орнатуға барлығы 2 млрд. теңге шамасында қаражат жұмсалды. Жалпы жұмыстарға үш ұйымның және де жабдықтың монтаждалуына шеф-бақылау жасаушы Lodge Cottrell Limited өндіруші компаниясының инженерлік-техникалық және жұмысшы қызметкерлер құрамынан 100-ден астам адам жұмылдырылды. Орнатылған электр сүзгісі энергоблоктағы күл аулау деңгейін 99,6 пайызға дейін өсіруге мүмкіндік береді. Осындай электр сүзгілері №5 және №6 энергоблоктарда сәйкесінше 2010 және 2011 жылдары орнатылған болатын. Тағы бір электр сүзгісі қалпына келтірілген №8 энергоблокпен бірге іске қосылды. Екібастұз ГРЭС-1 станциясында электр сүзгілерін орнату жөніндегі бағдарлама келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Сөйтіп, электр сүзгілері жұмыс істеп тұрған барлық энергоблоктарда орнатылмақ. Жалпы алғанда, бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 12,5 миллиард теңге бөлінген. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшері едәуір кемиді. цитата соңы Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/EKGS/ekgs_reliz_211212_kz.pdf; - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/EKGS/ekgs_reliz_211212.pdf. [2012-12-21]