19 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП "HSBC ҚАЗАҚСТАН БАНКІ" АҚ ЕБ KAZPRIME ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАНКАРАЛЫҚ ДЕПОЗИТТЕР ИНДИКАТОРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ШАРТҚА ҚАТЫСУШЫЛАР ҚҰРАМЫНАН ШЫҒАДЫ

14.12.12 11:40
/KASE, 14.12.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 06 қарашасында "HSBC Қазақстан Банкі"АҚ ЕБ (Алматы) қазақстандық банкаралық депозиттер индикаторын қалыптастыру туралы шартқа (2007 жылғы 27 наурыздағы, бұдан әрі - Шарт) қатысушылар құрамынан шығатындығын хабарлайды. 2012 жылдың 23 қазанында "HSBC Қазақстан Банкі"АҚ ЕБ Қазақстан қор биржасына шартқа қатысушылардың құрамынан өз еркімен шығу туралы өтінішін ұсынды. KazPrime Индикаторы Қазақстандағы банктер арасындағы несие сапасы жақсы нарық депозиттерінде қаржыны орналастыру (теңге) мөлшерлемесі бойынша орташа мәнін көрсетеді. Биржа индикаторды есептеуді күн сайын алматы уақытымен сағат 10:00-ден 11:30-ға дейін, биржаның сауда жүйесіне Шартқа қатысушылар ұсынған белгіленген баға бойынша жүргізеді. Әрбір баға белгілеу кезінде Шартқа қатысушылардың бірінің қаржысын тарту мөлшерлемесі мен депозитке орналастыру көзеделеді, сондай-ақ, ақша тарту және орналастыру көлемі ескеріледі. Баға белгілеудің минималды көлемі – 150 млн теңге. Шартқа қатысушылар "Қазақстанның Халықтық жинақтау банкі" АҚ, "АТФБанк" АҚ, "Дочерний Банк "RBS (Kazakhstan)" АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ, "HSBC Қазақстан Банкі" АҚ ЕБ, "Банк ЦентрКредит" АҚ болып табылады. Индикатордың мәнімен және мұрағаттық мәліметтерімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/kazprime мекен-жайында танысуға болады. Индикатор туралы ақпаратты Bloomberg – KAZPRIME Index жүйесінен алуға болады. [2012-12-14]