"Казахстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) 07 желтоқсанда өзінің 45,3 KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KZENb1) облигациясын биржада жылдық 7,00% орналастырды

07.12.12 18:27
/KASE, 07.12.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "Казахстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) (Астана) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZENb1; 100 тенге, 15,0 млрд тенге; 06.11.12 – 06.11.15, жарты жылдық купон жылдық 5,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде "АСЫЛ- ИНВЕСТ" (Алматы) қатысты. Эмитент сауда-саттықта KZP01Y03E322 50 000 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 33,3 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE 2 мүшесі қатысты, олар 45 340 000 облигация сатып алуға 2 өтінім берді. Өтінім беру кезеңі аяқталғанда барлық өтінімдер белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 90,7 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 94,8035 % (сатып алушы өтеуіне жылдық 7,00 %).тең болды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 82,7 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 17,3 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың клиенттерінің үлесіне тиді. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 4 317 912 078,89 деңгейінде бекітті. Осы орайда тартылған сома 4 317 912 078,89 теңгені құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалды. [2012-12-10]