"Имсталькон" АҚ (Қазақстан) өзінің ішкі аудит қызметіндегі өзгерістер туралы хабарлады

06.12.12 15:37
/KASE, 06.12.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Имсталькон" АҚ (Алматы) биржаға (KASE) 2012 жылдың 29 қарашасында Директорлар кеңесінің төмендегі шешімі қабылданғаны туралы ресми хат жолдады: цитата басы Ішкі аудит қызметі 2013 жылы акционерлердің жылдық жалпы жиналысын сайлағанға дейін төмендегі құрамда сайлансын: - Ішкі аудит қызметінің төрағасы –Аманқұл Қуанышқанұлы Жаманқұлов - Ішкі аудит қызметінің мүшелері – Чудаева Ольга Владимировна және Милешина Наталья Александровна. цитата соңы [2012-12-06]