"ЕВРАЗИЯЛЫҚ БАНК" АҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАНКАРАЛЫҚ KAZPRIME ДЕПОЗИТІ ИНДИКАТОРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚАТЫСУШЫ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

05.12.12 19:20
/KASE, 05.12.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Евразия банкі" АҚ (Алматы) өтініші негізінде қазақстандық банкаралық KazPrime депозиті индикаторын қалыптастыру туралы келісімге (одан әрі - Келісім) қатысушы мәртебесін алды. "Евразия банкі" АҚ осы мәртебеге барлық қатысушыларының сауалнамасы қорытындысы негізінде Келісімнің шарттарына сәйкес ие болды. "Евразия банкі" АҚ KASE сауда-саттық жүйесінде қазақстандық банкаралық KazPrime депозиті индикаторын қалыптастыруға қатысушы ретінде баға белгілеуге рұқсат 2012 жылдың 06 желтоқсанынан бастап берілді. KazPrime индикаторы қазақстандық несие сапасы жақсы банктер арасындағы банкаралық депозит нарығының қаржыны (қазақстандық теңге) орналастыру мөлшерлемелері бойынша орташа мәнін көрсетеді. Индикаторды есептеу биржада күн сайын келісімге қатысушылардың KASE сауда-саттық жүйесіне алматы уақытымен сағат 10:00-ден 11:30-ға дейін ұсынатын баға белгілеулері бойынша жүргізіледі. Әрбір баға белгілеу келсімге қатысушылардың бірінің депозитке ақша орналастыру және тарту мөлшерлемесін белгілеу арқылы жүргізіледі. Баға белгілеудің ең төменгі көлемі – 150 млн теңге. Келісімге қатысушылар "Қазақстанның Халықтық жинақ банкі" АҚ, "АТФБанк" АҚ, "RBS еншілес банкі" АҚ (Kazakhstan)", "Казкоммерцбанк" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ, "Евразиялық банк" АҚ болып табылады. Индикатордың актуалдық мәнімен және мұрағаттық мәліметтерімен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/kazprime мекен-жайында танысуға болады. Индикатор туралы ақпарат Bloomberg жүйесінде – KAZPRIME Index орналасқан. [2012-12-05]