"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады
28.11.12 17:16
/KASE, 28.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана, одан
әрі цитатада – Корпорация), биржаға ресми хатпен төмендегіні хабарлады:
цитата басы
"НУХ "КазАгро" АҚ Басқармасының 2012 жылдың 14 қарашасындағы
# 67 шешімімен Корпорация Басқармасының төрағасы Малелов Нұрлыбек
Төлебайұлы Корпорацияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып
сайланды, "КТ "Целиноградское" ЖШС басқармасының төрағасы Әшебеков
Сағадат Қайыржанұлы Корпорацияның Директорлар кеңесінің мүшесі -
тәуелсіз директоры болып сайланды.
Берілген хабарламаға сәйкес Құдасбаева Бақыт Ескендірқызы 2012 жылдың
16 қарашасынан бастап Корпорацияның Директорлар кеңесінің мүшесі
уәкілеттігін тоқтатты.
цитата соңы
[2012-11-28]