"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша 4-ші купондық сыйақысын уақытылы төлемегені үшін өсімақысын төлегені туралы хабарлады
28.11.12 15:15
/KASE, 28.11.12/ – "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы, бұдан әрі –
"ДТЖ") инфрақұрылымдық KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми
тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге;
02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон,
ағымдағы купондық кезеңге жылдық 5,45 %, 30/36), облигацияларын
ұстаушыларының өкілі болып табылатын, "АТФБанк" АҚ (Алматы),
қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған ресми хатында былай деп
мәлімдеді:
"ДТЖ" АҚ қол жеткізген келісімдерді орындауына орай, "ДТЖ" АҚ 4-ші
купондық сыйақыны төлей бойынша өз міндеттемелерін уақытылы
орындамағаны үшін есептелген өсімақыны төлеу кестелеріне сәйкес,
2012 жылдың 22 қарашасында Облигацияларды ұстаушыларға сомасы
8 099 563,30 (сегіз миллион тоқсан тоғыз мың бес жүз алпыс үші) теңге
30 тиын өсімақы төлегененн 2012 жылдың 23 қарашасындағы # 842 хатпен
хабарлады.
[2012-11-28]