04 желтоқсаннан бастап KASE қайталама нарық секторында "АТФБанк" АҚ (Қазақстан) XS0274618247 (ATFBe7) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

28.11.12 11:15
/KASE, 28.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2012 жылдың 04 желтоқсанынан бастап KASE қайталама нарық секторында "АТФБанк" АҚ (Алматы) XS0274618247 (KASE ресми тізімі; "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар", ATFBb7; $100,0 млн, мерзімі жоқ; 10.11.16 – 10,00 жылдық, одан әрі жылдық +7,33 % АҚШ долларымен LIBOR алты айлық мөлшерлемесі, 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды . KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза емес" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "АТФ Финанс" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2012 жылдың 03 қазанынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/atfb мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-11-28]