28 қарашадан бастап KASE қайталама нарық секторында "SAT & Company" АҚ (Қазақстан) KZP01Y05E319 (KZ2C00001840, CACMb2) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

28.11.12 10:10
/KASE, 28.10.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2012 жылдың 28 қарашасынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Central Asia Cement" АҚ (Теміртау) KZP01Y05E319 (KZ2C00001840; KASE ресми тізімі, "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар", CACMb2, 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге, 05.11.12 – 05.11.17, жарты жылдық купон жылдық 10,00 %, 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды . KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2012 жылдың 05 қарашасынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/tsbn мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-10-28]