S&P Несиелік рейтингтер қызметі "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) рейтингілік бағалауларын "BB+/В" және "kzAA-" деңгейінде растады, болжамы "Тұрақты"

27.11.12 15:08
/Standard & Poor's, Мәскеу, 26.09.12, ағылшын тілінен аудармасы Standard & Poor's, тақырыптамасы KASE/ –Standard & Poor's Несиелік рейтингтер қызметі аграрлық секторды несиелендіруді қамтамасыз ететін мемлекеттік ұйым "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингтерін "ВВ+/В" деңгейінде растады. Рейтингтердің өзгеру болжамы – "Тұрақты", ұлттық шкала бойынша рейтингі "kzАА" деңгейінде расталды. "ВВ+" ұзақ мерзімді несие рейтингі АНК несиеге қабілеттілігін сипаттайды, біз оны "b+" деңгейінде бағалаймыз, сондай-ақ компанияның 100% акциясына ие болып отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінен (ВВВ+/Тұрақты/А-2; ұлттық шкала бойынша рейтинг: kzAAA), уақтылы әрі жеткілікті жедел жәрдем алуға мүмкіндігі бар. Үкімет тарапынан көрсетілетін қолдау нәтижесінде АНК біздің берген рейтингіміз компанияның жеке несиеге қабілеттілігі сипатын бағалаудан үш дәрежеге жоғары ("b+"). Осы хабарламаның толық нұсқасымен орыс тілінде KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1179728 мекен-жайында таныса аласыздар. Жетеккші несиелік талдаушы: Борис Копейкин, Москва, (7) 495-783-4062; boris_kopeykin@standardandpoors.com Екінші байланыс: Мария Малюкова, Мәскеу, (7) 495-783-4135; maria_malyukova@standardandpoors.com [2012-11-27]