2012 жылдың 27 желтоқсанында "Альянс банкі" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

22.11.12 12:15
/KASE, 22.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға 2012 жылдың 27 желтоқсанында сағат 10:00-де банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі деп хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - банктің жалғыз акционерінің 2010 жылдың 19 қаңтарындағы # 05/10 шешіміне өзгерту енгізу туралы; - Банктің директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы. Осы жиналыс: Алматы қ., Фурманов көш., 50 мекен-жайы бойынша өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-ден бастап жасалады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың 26 қарашадағы жағдай бойынша құрастырылды. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің жалпы жиналысы 2012 жылдың 28 желтоқсанында жоғарыда берілген мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіне қатысты материалдармен: жиналыстың өтуіне кемінде он күн қалғанға дейін Алматы қ., Фурманов көш., 50 мекен-жайы бойынша таныса алады; тел.: (727) 258 40 40 (ішкі 52038), корпоративтік хатшы Байсенкул Гульнара. [2012-11-22]