"Казкоммерц Секьюритиз" акционерлік қоғамына ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) "Самұрық-Энерго" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, SNRGb1) жай акциялары бойынша 12 қарашадан бастап биржада маркет-мейкер мәртебесі берілді
13.11.12 15:43
/KASE, 13.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен "Казкоммерц Секьюритиз" акционерлік қоғамына
("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) өтініші негізінде
2012 жылдың 12 қарашасынан бастап "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана)
KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, KASE ресми тізімі,"Рейтингтік бағалауы бар
борыштық бағалы қағаздар" санаты, 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 12.11.12 –
12.11.15, жартыжылдық купон жылдық 6,00 %,30/360) жай акциялары
бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді.
Маркет-мейкер өзінің міндеттерін орындауға аталған облигациялармен
сауда-саттық ашылған күннен бастап кіріседі. Маркет-мейкер үшін
минималды міндетті баға белгілеулер көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш
көлемінде белгіленді.
[2012-11-13]