"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) XS0253723281, XS0253723950 (ATFBe5) халықаралық облигациялары бойынша 13-ші купонын төлегені туралы хабарлады

12.11.12 16:53
/KASE, 12.11.12/ – "АТФБанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2012 жылдың 09 қарашасында XS0253723281, XS0253723950 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBe5) облигациялары бойынша он үшінші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 15 750 000 АҚШ долларын құрады. [2012-11-12]