13 қарашадан бастап KASE қайталама нарық секторында "Standard" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZ1C56470012 (KZ1C00000801, STND) жай акциялары бойынша сауда-саттық ашылады

09.11.12 17:35
/KASE, 09.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2012 жылдың 13 қарашасынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Standard" сақтандыру компаниясы" АҚ (Ақтөбе) KZ1C56470012 (KZ1C00000801, KASE ресми тізімі, үшінші санат, STND) жай акциялары бойынша сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген акция бағасының үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша 2012 жылдың 08 тамызынан бастап енгізілген. Аталмыш акциялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/stnd мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-11-09]