"Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС (Қазақстан) төртінші электр сүзгісін монтажау жұмыстары аяқталғаны туралы хабарлады

09.11.12 17:16
/KASE, 09.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС- 1" ЖШС (Қазақстан) (Екібастұз), 2012 жылдың 09 қарашасында биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы Екібастұздың ГРЭС-1 станциясындағы №4 энергоблоктағы монтаждау жұмыстары аяғына жетті. Тиімділігі жоғары заманауи электр сүзгісі жыл соңында іске қосылады. Бұл тазартқыш жабдықты сатып алып, орнатуға барлығы 2 млрд. теңге көлемінде қаржы жұмсау жоспарланған. Ауқымды жұмыстарға үш ұйымның және де жабдықтың монтаждалуына шеф-бақылау жүргізіп отырған өндіруші Lodge Cottrell Limited компаниясының жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлері, жалпы 100-ден астам адам жұмылдырылған. Алдыңғы екі электр сүзгісі №5 және №6 энергоблоктарда тиісінше 2010 және 2011 жылдары орнатылған болатын. Осындай тағы бір блок қалпына келтірілген №8 энергоблокпен бірге іске қосылып пайдалануға берілген. Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында электр сүзгілерін орнату жөніндегі бағдарламаны келесі жылы аяқтау жоспарлануда. Ол зиянды күлді аулаудың тиімділігін 99,6 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. цитата соңы [2012-11-09]