13 қарашадан бастап KASE қайталама нарық секторында "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) (Қазақстан) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KZENb1) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады

09.11.12 16:27
/KASE, 09.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2012 жылдың 13 қарашасынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) (Астана) KZ1C33160017 (KZ1C00000843, KASE ресми тізімі, үшінші санат, NGDM) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2012 жылдың 06 қарашасынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kzen мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-11-09]