2012 жылдың 06 желтоқсанында "Коммеск - Өмір" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

07.11.12 16:33
/KASE, 07.11.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Коммеск - Өмір" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдын әрі – компания), 2012 жылдың 06 желтоқсанында сағат 11:00-де өзінің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде: - Директорлар кеңесінің мүшесін, компанияның тәуелсіз директорын сайлау; - компанияның Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту; - Еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыларды есептеу және компанияның жетекші қызметкерлерін басқа да материалды марапаттау түрлері бойынша ішкі саясатты бекіту. Аталмыш жиналыстың өтетін жері: Алматы қ., Наурызбай батыр көш., 19. [2012-11-07]