07 қарашада "Хоум Кредит Банкі" АҚ (Қазақстан) биржада өткізілетін шетел валютасының сауда-саттығына қатысуға жіберілді

06.11.12 17:15
/KASE, 06.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2012 жылдың 07 қарашасынан бастап "Хоум Кредит Банкі" АҚ (Алматы) биржада өткізілетін шетел валютасының сауда-саттығына қатысуға жіберілді. Осы шешім "Мүшелік туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 30 тармағына сәйкес, "Хоум Кредит Банкі" АҚ, шетел валютасымен айырбастау операцияларды ұйымдастыру бөлігіндегі, банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензиясының қолданысқа қайта берілу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 29 қазанындағы # 330 қаулысы негізінде қабылданды. Бұдан бұрын осы тақырыпта 2012 жылдың 18 шілдесіндегі "Хоум Кредит Банкі" АҚ (Қазақстан) биржада шетел валютасының сауда-саттығынан шеттетілді" KASE жаңалығы http://www.kase.kz/news/show/1170423 мекен- жайы бойынша жарияланған. [2012-11-06]