/KASE, 06.11.12/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қазанындағы
шешімімен "Казахстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) Ұлттық
компаниясы" АҚ (Астана) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, 100 теңге,15,0
млрд теңге; 06.11.12 – 06.11.15; инфляция деңгейімен индекстелген жарты
жылдық купон, бірінші айналым жылына жылдық 5,00 %; 30/360)
облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық
бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді:
Листингтік комиссияның бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты
KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасындағы шарттарды
орындауына байланысты, 2012 жылдың 06 қарашасынан бастап өз күшіне
енді.
Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы
қосымша жарияланады.
Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың қаржылық кеңесшісі және өкілі
"АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигацияларды ұстаушылардың өкілдері "ЦентрКредит Банкі"
еншілес ұйымы АҚ - "BCC Invest" АҚ (Алматы).
"Казахстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) Ұлттық
компаниясы" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ
(Алматы) болып табылады.
Аталмыш жай облигацияларға KZENb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-
сайтында
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/satc мекен-жайы бойынша
06 қарашада жарияланады.
[2012-11-06]