"Central Asia Cement" АҚ KZP01Y05E319 (KZ2C00001840, CACMb2) және KZP02Y06E315 (KZ2C00001857, CACMb3) облигациялары "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

31.10.12 15:36
/KASE, 31.10.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қазандағы шешімімен "Central Asia Cement" АҚ (Теміртау) облигациялары KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша төмендегі облигациялар енгізілді: - KZP01Y05E319 (KZ2C00001840, 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 10,00 % , 30/360); - KZP02Y06E315 (KZ2C00001857; 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 6 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 10,00 %, 30/360). Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін датасы туралы, аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Аталмыш облигацияларының шығарылымы "Central Asia Cement" АҚ бірінші және екінші облигациялық бағдарламалар аясында шығарылған, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығын бақылау және қадағалау комитетінің 2012 жылдың 05 қазанында жалпы сомасы 5,0 млрд теңгеге тіркелген, сәйкесінше KASE листинг процедурасынан өткен аталған эмитенттің "ішкі" облигацияларының екінші және үшінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигациялар бойынша "VISOR Capital" АҚ (ВИЗОР Капитал) (Алматы) және "Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы).андеррайтер болып табылады. "Central Asia Cement" АҚ аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі "АСЫЛ- ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болып табылады. "Central Asia Cement" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың қысқаша атауы (сауда коды) CACMb2 және CACMb3. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады. [2012-10-31]