ҚҰБ ҚҚК "Kaspi Bank" АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертуді тіркеді

31.10.12 12:50
/KASE, 31.10.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы, бұдан әрі - банк), 2012 жылдың 22 қазанындағы бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеуге арналған куәліктің көшірмесі мен акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертудің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталған құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитетімен (ҚҰБ ҚҚК) банк акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулерді тіркеді; - аталмыш куәлік банктің мекен-жайы ауысуына байланысты басқасына ауыстырылды; - банктің жалпы жарияланған акцияларының саны 39 500 000 дана, оның ішінде 39 000 000 – жай акциялар KZ1C31450014, 500 000 – артықшылықты акцииялар KZ1P31450110; - банктің акцияларының шығарылымы эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3145 номерімен енгізілді. Аталмыш өзгерту KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/NFBN/nfbnf9_izm_070312.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-10-31]