Евразиялық даму банкі Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құрылымдау жобасы бойынша кезекті несие траншын аударғандығы туралы хабарлады

25.10.12 11:50
/KASE, 25.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіменде тұрған Евразиялық даму банкі биржаға 2012 жылдың 24 қазанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: Қазақстан Республикасындағы #3 энергетикалық блогын орнату арқылы Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құрылымдау жобасын (бұдан әрі - жоба) қаржыландыру аясында негізгі энегетикалық жабдықты сатып алуға кезекті транш ұсынды. Жобаны қаржыландыру 2010 жылғы 23 маусымда жасалған "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ Внешэкономбанк пен ЕАДБ тарапынан 15 жыл мерзімге 800 млн. доллар сомаға жасалған несие шарты негізінде жүзеге асады. Аталған баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/EABR/eabr_reliz_241012.pdf мекен-жайында таныса аласыздар. [2012-10-25]