БИРЖАДА 15:30-ДА "DELTA BANK" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZP01Y05E178 (KZ2C00001709, NFBNB2) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ БАСТАЛДЫ

22.10.12 16:55
/KASE, 22.10.12/ – Бүгін KZP01Y05E178 (KZ2С00001709, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, NFBNb2; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 18.01.12 – 18.01.17, жылдық 9,50 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті 2011 жылдың 05 желтоқсанында тіркеген "Delta Bank" АҚ облигациялық бағдарламасы аясында жалпы сомасы 50,0 млрд. теңгеге Е17 номерімен, және KASE биржасында листинг рәсімін өткен, аталған эмитенттің "ішкі" облигацияларының екінші шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта уәкілетті сатушы ретінде "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) қатысады. Хабарланған орналастыру көлемі 3 000 000 облигаций KZP01Y05E178 (аталған шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 30 %) құрайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 15:30-дан 16:30-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – NFBNb2. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 17:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 17:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – қарама-қарсы кесімді бағаға бойынша кесімді бағаға тең немесе сатушыға пайдалы болатын бағалар. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасы http://www.kase.kz/files/emitters/NFBN/nfbnf9b2_2011.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-10-15]