/Қайталау/ "«DELTA BANK» (Қазақстан) 22 қазанда өзінің KZP01Y05E178 (KZ2C00001709, NFBNB2) облигациясын биржада орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

17.10.12 10:26
/KASE, 17.02.12 - 11.10.12 жаңалықты қайталау/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "«DELTA BANK» (Алматы) субординацияланған KZP01Y05E178 (KZ2С00001709, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар қарыздық бағалы қағаздар" санаты, NFBNb2; 1 000 тенге, 10,0 млрд тенге; 18.01.12 – 18.01.17; жарты жылдық купон жылдық 9,50 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2011 жылдың 05 желтоқсанында жалпы 50,0 млрд теңге сомасына Е17 нөмірімен тіркеген, "«DELTA BANK» АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясында бірінші және биржада листинг процедурасынан өткен, аталмыш эмитенттің "ішкі" облигацияларының екінші шығарылымы болып табылады. Мамандандырылған сауда-саттыққа сатушы ретінде "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZP01Y05E178 300 000 облигациясын (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 30 %) құрайды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін берілді. Сауда-саттықта бағалы қағаздар коды – NFBNb2. тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Кесімді бағаны белгілеуді эмитент сауда-саттық өткізілген күні сағат 15:00 ALT анықтауы керек. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес есептеулерді жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаны "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ корреспондеттік шотына 15:00 ALT (Т+0) дейін төлеуі керек. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін пайдалырақ болатын өтінімдердің бағалары бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/NFBN/nfbnf9b2_2011.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-10-17]