"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) Т.Н.Мәлелов Басқарма Төраасы болып тағайындалғаны туралы хабарлады
11.10.12 17:28
/KASE, 11.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана,
бұдан әрі – корпорация), биржаға "Корпорация Басқармасының Төрағасы
Мақажанов Дәурен Сәбитұлының өкілеттілігі тоқтатылып, Корпорацияның
Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 9 қазанындағы # 34 шешімімен
2012 жылдың 10 қазанынан бастап Корпорация Басқармасының Төрағасы
болып Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлы тағайындалды" дер ресми хатпен
мәлімдеді.
[2012-10-11]