"Сырымбет" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

12.10.12 11:58
/KASE, 12.10.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сырымбет" АҚ (Солтүстік-Қазақстан обл., Сырымбет а., бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Бағалы қағаздардың бірегей тіркеушісі" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған ( тек KZ1C52400013, KZ1C00000595 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 100 000 дана; - компанияның 90 000 акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Berkut Mining" ЖШС (Алматы) болып табылады. [2012-10-12]