Еуразиялық даму банкі еуразиялық интеграция мәселелері бойынша ЕАДБ халықаралық конференциясы басталғаны туралы хабарлады

11.10.12 15:49
/KASE, 11.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Еуразиялық даму банкі, 2012 жылдың 11 қазанында биржаға жолдағанбаспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді: Бүгін Мәскеуде, Ресей ғылыми Академиясының ғимаратында Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) РҒА Экономика институтымен бірлесіп өткізетін, "Еуразиялық экономикалық одақ жолында" атты Еуразиялық даму банкінің 7-ші ғылыми-практикалық конференцияясы өзө жұмысын бастады. Осы форумға қатысушылар негізгі назарын Кедендік одақ қызметінің алғащқы қорытындыларын, Бірегей экономикалық кеңістіктің қалыптасуын талқылауға аудармақ. Валюталық-қаржылық интеграция, бірегей еңбек нарығы, интеграциялық үдерістердің қоғаммен қабылдауы, аймақ елдерінің инновациялық дамуының еларалық аспектілері, шекаралық көлік коридорларды қалыптастыру сияқты сұрақтар бойынша пікірталастар үшін пікір алмасуға және практикалық ұсыныстарды әзірлеуге арналған тақырыптық секциялар ұйымдастырылды. ЕАДБ конференциясы екі күн болады. Ең қызықты және көкейкесті баяндамалар Банктің "Еуразиялық экономикалық интеграция" атты журналында және "Eurasian Integration Yearbook" жыл сайынғы басылымында жарық көреді. [2012-10-11]