"Standard" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің Басқармасының құрамы өзгергені және ірі мәміле жасасуды көздегені туралы хабарлады

03.10.12 17:14
/KASE, 03.10.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Standard" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Қоғам), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: 1. 2012 жылдың 28 қыркүйегінде Қоғам Басқармасының құрамына өзгертулер енгізілді, атап айтқанда Төлемдер мен шығындар жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі Сүйіндікова Ғайни Қазыкенқызының өкілеттілігі мерзімнен бұрын тоқтатылды; 2. Қоғам келесідей ірі мәмілелер жасасуды көздегені туралы хабарлайды: 1) "Emile Company" ЖШС-пен Ерікті сақтандыру келісім-шарты; 2) "БТА Банктің еншілес компаниясы "БТА Сақтандыру" АҚ Кіріс қайта сақтандыру келісім-шарты ("Орталық клиникалық аурухана" МО ҚР ЖПБ РМК-мен Еңбектік (қызметтік) міндеттерін орындаған кездегі ж ұмысшыларды оқыс оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім-шарты); 3) "Альтаир-2006" ЖШС-пен залал тигізуге азаматтық-құқықты жауапкершілікті сақтандыру келісім-шарты ("Степногорск подшипник зауыты" АҚ-мен Еңбектік (қызметтік) міндеттерін орындаған кездегі ж ұмысшыларды оқыс оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім-шарты); 4) "Asia Credit Bank" АҚ-мен залал тигізуге азаматтық-құқықтық жауакершілікті ерікті сақтандыру келісім-шарты. Сондай-ақ Қоғамның аффилиирленген тұлғасымен ірі мәміле жасасуды көздеді: 1) "Казгеокосмос" АҚ-мен әуе транспортының меншік иелерімен азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы келісім-шартына #2 Келісімі және аффилиленген тұлғамен мәміле жасасу: 1) "Теміртау электрометаллургиялық комбинат" АҚ-мен транспорттық құралдардың меншік иелерімен міндетті сақтандыру келісім-шарты. 3. Қоғам Шортанды аудандық сотынан И.Г.Пенчук, Е.А.Пенчук, Е.А.Пенчук азаматтарынан "Standard" Сақтандыру компаниясы" АҚ-на материалдық және моральдық залалды өтеуге кінәрат-талап өтінішін өндіріске алғаны туралы хабарламасын алды. [2012-10-03]