Еуразиялық даму банкі өзінің Ресей Федерациясындағы уәкілетті өкілі етіп А. Силуановты тағайындады
/KASE, 27.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Еуразиялық даму банкі, биржаға 2012 жылдың 27 қыркүйегінде ұсынған баспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді:
РФ Қаржы Министрі Антон Силуанов Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) кеңесінде Ресей Федерациясының уәкілетт өкілі етіп тағайындалды. Ресейдің Премьер-министрі Дмитрий Медведев 24 қыркүйегінде тиісті өкімге қол қойды деп РФ Үкіметінің ( толығырақ сайтында жарияланды.
А.Силуанов осы лауазымдағы министрдің орынбасары Сергей Сторчакты ауыстырды. Ресей Федерациясының Еуразиялық даму банкінің кеңесіндегі уәкілетті өкілінің орынбасары болып, бұрынғы өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Андрей Дементьевтің орнына, РФ өнеркәсіп және сауда министрінің қазіргі орынбасары Георгий Каламанов тағайындалды.
Қосымша ақпараттар алу үшін хабарласыңыз: Юлия Остроухова, +77019912843, Михаил Мзареулов, +7 9032446025 pressa@eabr.org
[2012-09-27]