"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) "Батыс Қазақстанда жаңа өнеркәсіптерді құру" атты инвестициялық форумға қатысатыны туралы хабарлады

24.09.12 16:05
/KASE, 24.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 24 қыркүйегінде жолдағанбаспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді: цитата басы Үстіміздегі жылдың 24-26 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында «Батыс Қазақстанда жаңа өндірістер құру» Инвестициялық Форумы өтеді. Форумға 500-ге жуық делегат қатысады, бағдарлама бойынша мәжілістер мен дөңгелек үстел басындағы жиындарда жоғары шенді 10 баяндамашының баяндамасы оқылады, Маңғыстау облысының өндірістік алаңдарына бару жоспарланған. Форумның құрылтайшысы - KAZENERGY қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В, North Caspian Comrany және «Теңізшевройл» ЖШС. Форум ҚР Мұнай және газ министрлігінің, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, «Шетел инвесторлары қазақстандық кеңесі» қауымдастығының ресми қолдауымен өткізіледі. цитата соңы Осы баспасөз-релиздің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_240912_kz.pdf мекен- жайы бойынша; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_240912.pdf мекен- жайы бойынша; - ағылшын тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_240912_en.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады. [2012-09-24]