"Орталық-Азиялық отын-энергетикалық компаниясы" АҚ "Орталық-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорациясы" акционерлік қоғамы ресейлік компаниялармен, сомасы $356 млн, ынтымақтастық туралы үш меморандумға қол қойғаны туралы хабарлады

21.09.12 10:52
/KASE, 21.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Орталық-Азиялық отын-энергетикалық компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға ұсынған баспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді: "Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының аймақаралық ынтымақтастығының IX Форумы" барысында "Орталық-Азиялық отын-энергетикалық компаниясы" АҚ еншілес кәсіпорны "Орталық- Азиялық Электроэнергетикалық Корпорациясы" ресейлік компаниялармен, 356 млн. АҚШ доллары көлемінде, ынтымақтастық туралы үш меморандумға қол қойды. 18 қыркүйекте Павлодар қаласында "Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының аймақаралық ынтымақтастығының IX Форумы" барысында "ҚР және РФ аймақтары арасында инновациялық және өндірістік кооперация аясындағы ынтымақтастықты дамыту" атты бизнес-форум болып өтті. Бизнес-форумның жұмысына Қазақстан және Ресей министрліктерінің өкілдері, Внешэкономбанк және Еуразиялық даму банкінің, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Сауда-Өнеркәсіптік палаталарының жетекшілері, екі елдің бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. Бизнес-форумның шегінде "Орталық-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорациясы" (бұдан әрі "ОАЭК" АҚ) "НОВАЭМ" ААҚ машина жасау холдингі, "Уральский турбинный завод" ЖАҚ және "ЭЛСИБ" ҒӨБ ААҚ сияқты ресейлік компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы баспасөз-релизінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/CTEC/ctec_reliz_200912.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-09-21]