2012 жылдың 07 қарашасында "AMF Group" АҚ (Қазахстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

20.09.12 11:08
/KASE, 20.09.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AMF Group" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания), биржаға 2012 жылдың 07 қарашасында сағат 10:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз сұрақ, компанияның атқарушы органының орналасқан мекен-жайы ауысуына байланысты, компания жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу болып табылады. Жиналыс: Астана қ., Алматы ауданы, "Ақ-бұлақ-3" тұрғын үй кешені, Дарабоз көш., 23/1 мекен-жайы бойынша болып өтеді. [2012-09-20]