АНОНС: 07 қараша күні Астанада состоится "Эксперт-100-Қазақстан" ірі бизнестің IV Экономикалық форумы болып өтеді

14.09.12 16:04
/"Эксперт РА Қазақстан" Рейтингілік агенттігі" ЖШС , 13.09.12, KASE тақырыптамасы/ – "Эксперт РА Қазақстан" Рейтинілік агенттігі және "Эксперт Қазақстан" журналы Астана қ. 2012 жылдың 07 қарашасында болып өтетін "Эксперт-100-Қазақстан" ірі бизнестің IV Экономикалық форумына қатысуға шақырады. Форум, жыл сайын Қазақстанда жүзеге асырылатын, ауқымды зерттеу- коммуникациялық жобаның қорытынды іс-шарасы болып табылады. Оның басты мақсаттары – Қазақстанның ұлттық эконмикасының негізгі тенденцияларын талдау және көшбасшысын анықтау, экономиканың көкейкесті мәселелерін талқылауға бизнестің кең шеңберін, үкімет өкілдерін және сараптаушылар қауымын тарту болып табылады. Форумның басты серіктесі "АПК-Инвест" Корпорациясы" АҚ, серіктестері – ENRC, секция серіктестері – "Сбербанк" АҚ ЕБ және "БТА Банктің ЕК "БТА Сақтандыру" АҚ "Эксперт-100-Қазақстан" IV Экономикалық форум Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауын алды. "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігіне "Эксперт-100-Қазақстан" ірі бизнестің IV Экономикалық форумынұйымдастыру бойынша танытқан бастамашылығына ризалығымды білдіремін. Өткен форумдар бизнес-орталардың үлкен қызығушылығына ие болды. Қазақстан Үкіметі төртінші экономикалық форумды өткізуге қажетті қолдау көрсетуге дайын",– деді Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Бірінші Орынбасары Серік Ахметов "Эксперт РА Қазақстан" агенттігіне жолдаған хатында. Іс-шаралардың іскери бағдарламасы "Ұлттық бизнестің тұрақты дамуы – Қазақстан модернизациясының басты факторы" тақырыбына пленарлық мәжіліс өткізуді, "Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету: капиталды тарту және тәуекелдерді басқару", "Стратегиялық жоспарлау және тұрақты дамуды басқару: көрсеткіштердің теңгерімді жүйелері" және "Корпоративтік басқару және есеп берушілік тұрғысынан тұрақты даму мәселелері" тақырыбына тақырыптық дөңгелек үстелдер. Форум шегінде Қазақстанның ірі компанияларын "Эксперт-100-Қазақстан" рейтингінің қорытындысы бойынша ірі компанияларды марапаттау рәсімі өткізіледі. Форумның ақпараттық серіктестері: Талдамалық банктік журнал, Kazakhstan Press Club, ИА "Cbonds", КАПИТАЛ Іскерлік порталы, Kazakhstan журналы, prodengi.kz порталы, "ИРБИС" ҚНАА, "Корпоративный менеджмент" порталы, "УНИВЕР" АГ. Қатысу шарттары, серіктестер үшін мүмкіндіктер, баяндамалар бағдарламасын қалыптастыру туралы ақпаратты www.raexpert.kz сайтында немесе Жобаларды ұйымдастыру бөлімінде, төмендегі телефондар арқылы, білуге болады: тел.: +7 (727) 344-12-12 e-mail: expert100@raexpert.kz [2012-09-14]